Назарбаевтың идеялары өте көп – профессор

4 Шілде 2020, 13:38
1552
Бөлісу:
Назарбаевтың идеялары өте көп – профессор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаевтың идеялары өте көп. Бұл туралы Жаһандық басқару және аймақтану академиясының атқарушы президенті, профессор Ян Чен Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне арналған онлайн конференцияда айтты. 

Тұңғыш президент  - өңірлік деңгейдегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі көшбасшы. Елбасы тек мемлекеттің ішкі дамуына ғана емес, өңір мен әлемдік деңгейдегі елдердің дамуына, қарым-қатынасына үлес қосты, - деді профессор. 

Ян Ченнің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары өте көп. 

Еуразиялық интеграция туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары көп болды. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш президентінің сыртқы сауда-саттыққа қатысты бастамалары мен идеялары баршылық. Сирия мәселелерін реттеуге қатысты да үлесі аз емес, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы