Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ: Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Бұл сұраққа жауап берген Берік Уәли аталған саммитке еліміз атынан кім қатысатын нақты атап өтті.Маған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысу-қатыспауына байланысты сұрақтар келіп түсуде - деп жазды ол өз парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 20 желтоқсан күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтетіні жайлы хабарлаған болатынбыз.Осыған орай аталған саммитке еліміздің атынан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын хабарлаймын. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, Мемлекет басшысы мен Елбасы шет елге бірге сапарға шықпайды. Елбасы тиісті құжаттарды талқылау барысында өз пікірін айтуға құқылы. Құжаттарға қол қою құзыреті Президентке тиесілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысына қатысып, сөз сөйлеуді жоспарлап отыр - деді ол.