Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы билікке келген күннен бастап Қазақстан басшысының Республика жұртшылығының мүддесіндегі әрбір сөзі, әр бастамасы халың елдің көңілінен шығып, Мәскеудегі орталық билік біздің басшымызбен санасатын болып, еңсеміз көтеріле бастады. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Алматыда өткен конфекренция кезінде айтты.
«Біздің көпшілігіміз, осы жиынға қатысып отырған замандастар екі дәуірде өмір сүріп келеміз. Бүгінгі кездесуіміз өткенді аңсау емес. Тарихымыздан сабақ алып, өсу жолдарымызды жадымызда сақтау. Теңсіздіктен арылып, елдікке қол жеткізуіміздің қадірін-қасиетін толық білу.
Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің елбасшылық еткен қызметіңіздің 30 жылдығына орай осы конференцияны өткізуге қолдау көрсетіп, Қасым-Жомарт Тоқаев екеуіңіздің қатынасып сөз сөйлеулеріңіз ынтымақтың, билік бірлігінің үрдісі. Нағыз мемлкеттік өркендеу сабақтастығының айқын көрінісі дер едім. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің бүгінгі баяндамаңыз замандастарыңыздың барлығын толқытты. Мұны сіздің атқарған парызыңыздың кодексі деп білемін. Қызмет барысында маған сенім артқаныңыз үшін сізге алғысымды білдіргім келеді», - деді Қуаныш Сұлтанов.
Сонымен қатар, ол осыдан отыз жыл бұрын Елбасының билікке келу сәтін еске түсіріп, сол кездегі елдегі ахуалға тоқталды.
«Осыдан 30 жыл бұрын 22 маусым күні Қазақстан қоғамы бірінші басшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаев әлде қашан лайықты болса да сол кездегі Орталық билік, яғни СОКП-ның орталық хатшысының башысы Михаил Гарбачевтың ойнамалы саясатынан көңіліміз алаңдап, жүрек тыныш таппаған еді. 1986 жылдағыдай тағыда қандай күтпеген оқиға болуы мүмкін деген оймен Орталық комиссияға келіп едік. Сол күні Алматыда жылы жаңбыр жауып артынан күн жарқырап шыққанын жақсылыққа жорыдық. Тілегіміз орындалып, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Сол күннен бастап Қазақстан басшысының Республика жұртшылығының мүддесіндегі әрбір сөзі, әр бастамасы халың елдің көңілінен шығып, Мәскеудегі орталық билік біздің басшымызбен санасатын болып, еңсеміз көтеріле бастады. Осылайша Қазақстанның жаңа дәуірі басталып еді», - деп еске алды депутат.
Бұған дейін Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өткенін хабарлаған едік.