Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

15 Қыркүйек 2020, 20:00
1193
Бөлісу:
Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады.

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

А.Шпекбаев Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы