Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана клубының" бесінші отырысында ядролық қауіпсіздік бойынша екі жылда бір рет жаһандық саммит өткізу қажет екенін айтты.
ХХІ ғасыр манифесінде, БҰҰ сессиясында сөз сөйлеп, адамның өміріне, тіршілігіне қауіп келтіретін соғыстарды болдырмау мәселесі жөнінде, ядролық қарусыз әлем құру мәселесін айтқан болатынмын. Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, Иран және КХДР арасындағы бағдарламаларын күшейтуге байланысты болып отыр. Ядролық қарусыздандыру мен ядролық қаруды таратпау мәселесін дамытуымыз керек. Ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық лидерлер альянсын құру қажет деген ойдамын. Ғалымдар, беделді саясаткерлер, дипломаттар күш-жігерін ядролық қаруды таратпауға жұмылдыруы тиіс. Осыған орай біздің клуб мүшелеріне халықаралық бірлестік құру мәселесін ойластыруды ұсынамын, - деді Назарабаев.
Елбасы ядролық қарусыздандыруға байланысты келісімдердің тоқтап жатқанын айта кетті.
Сондықтан да келесі жылы тағы да негізгі құжат ережелерін әмбебап етуіміз керек. Осы шарттан шыққандарға халықаралық жауаптылықты күшейту керек. Оны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қаралары деңгейінде шешу тиіс деген ойдамын. Ядролық сынақтарды жүргізуге тыйым салу шарттарына мемлекеттердің қосылуын дамытуымыз керек. Ядролық қауіпсіздік бойынша әрбір екі жылда жаһандық саммит өткізу өте маңызды деген ойдамын. Қазақстан осындай бір саммитті өзінің елордасында қабылдай алады. Оған Қазақстанның бүкіл әлем алдында моральдық құқығы бар, өйткені біз ең үлкен ядролық полигонды жауып, өз еркімізбен төртінші ядролық арсеналдан бас тарттық, - деді Назарбаев.