Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр

Бүгiн, 20:17
218
Бөлісу:
Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады. Биыл мәні терең Наурыз мерекесі ерекше аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді.

"Наурыз" бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы.

Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқан елдерінде халықаралық деңгейде аталып өтетін мейрам болса, онда Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың халықтық мерекесі. Бұл туралы кезінде Абай Құнанбайұлы, белгілі этнограф-ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған.

Осылайша, Наурызнама – жасанды жаңашылдық емес, керісінше, көпкүндік мерекелеу арқылы оның қыр-сырын ашып, дәстүрлі сипатын дамытуға бағытталған.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

2024 жылы онкүндік аясында елімізде 800-ден астам іс-шара, соның ішінде көрмелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер, қайырымдылық акциялары, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бірегей мереке әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы тұрғындарды ұлттық дәстүр төңірегіне біріктіріп, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын қалыптастырады.

Береке мен бірліктің мерекесі Наурыз – өткен мен бүгіннің, Қазақстанның түрлі мәдениеттері мен дәстүрлерінің арасындағы көпір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауында оның маңызын ерекше атап өтті.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді, – деді Президент.

Наурызнаманың әрбір күні қоғам өмірінің жекелеген аспектіне арналған. Бұл мерекенің мағынасы мен мәнін тереңдетуге мүмкіндік береді. Жаңару жеке қарым-қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық салаларды қамтуы тиіс.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Көрісу – Амал мерекесі" (аман-саулық сұрасып, ағайынмен кездесулер және игі тілектер күні), "Қайырымдылық" (қайырымды істер күні), "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" (ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет күні), "Шаңырақ" (отбасы күні), "Ұлттық киім" күні, "Жаңару" күні, "Ұлттық спорт" күні, "Ынтымақ" (бірлік пен ынтымақ күні), "Жыл басы" және "Тазар"» күні сияқты тақырыптық күндер қазақстандық мәдениет пен құндылықтардың маңызын айшықтайды.

Наурызнама – ел бірлігін нығайтудың маңызды ішкі факторы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын бекітудің маңызды элементі.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бай тарихы бар, жаңару мен бірліктің символына айналған Наурызнама Рио-де-Жанейро карнавалына, Жапониядағы сакура гүлдеуі мерекесіне, Үндістандағы Холи фестиваліне, Германиядағы Октоберфестке, Испаниядағы Сан-Фермин немесе Томатина фестивальдеріне ұқсас Қазақстанның негізгі туристік бренді бола алады.

Мерекенің онкүндік форматы фестиваль циклін құруға мүмкіндік береді, онда күн сайын туристерге қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, музыкасын, қолөнері мен заманауи өнерін таныстыратын жаңа қызықты іс-шаралар ұсынуға болады.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биыл Наурызнама онкүндігі аясында еліміз бойынша халықтың дәстүрлерін, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Наурызнама онкүндігіне дайындық қарқынды жүріп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Атап айтқанда, Астана қаласында «Қамажай» флешмобы, Ақмола облысында креативті индустрия өкілдері мен қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен "Наурыз – Арбат" жобасы, Көкшетауда мыңнан астам әйел қатысатын "Кимешектер шеруі", Ақтөбеде "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты ұлттық киімдер шеруі, халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятуға бағытталған басқа да көптеген ауқымды іс-шаралар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы