2026 жылы наурызда еліміздің тұрғындары жалпы 13 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Наурыздағы мерекелерге тоқталатын болсақ, көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі, олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.
8 наурыздағы демалыс күндері:
Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7, 8, және 9 наурыз күндері демалады. 10 наурыз жұмыс күні.
Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады.
Наурыз мейрамы:
Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.
Біз бұған дейін ақпан айында қанша күн күн демалатынымыз жайында жазған едік.