Наурызда ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы

Қазгидромет: 2026 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамы

 freepik.com Бүгiн 2026, 09:50
Бүгiн 2026, 09:50
419
Фото: freepik.com

Қазақстанда наурыз айы жылы болады. Бірақ кейбір өңірде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде күн жылынғанымен, қар да жауатынын, жаңбыр және екпінді жел болатынын болжайды.

Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары

Болжам бойынша, еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашын орташа деңгейден көп болады деп күтілуде.

Тек Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және кейбір басқа облыстарда көрсеткіш төменірек болуы мүмкін.

Солтүстікте негізінен қар жауса, батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен аралас жылбысқы қар түседі. Кей жерлерде нөсер жауын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Аяз бен жылымық алмасатын тұрақсыз ауа райы

Наурыздың алғашқы жартысы суық пен жылы күндердің кезектесуімен сипатталады.

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда боран мен қар жауып, қысқы ауа райы сақталады, алайда кей күндері көктемгі жылымық байқалады.

Аймақтар бойынша температуралық ауытқулар

Облыстардың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°C-қа жоғары, ал оңтүстік-шығыста норма шамасында болады.

  • Солтүстік пен Орталықта: түнде -3...-25 °C, күндіз 0...+13 °C аралығында өзгереді.

  • Оңтүстікте: күндіз кей жерлерде термометр бағаны +27 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін, бірақ қысқа мерзімді суық толқындары да болады.

Еске салайық, бұған дейін наурызда Астанада ауа райы қандай болатыны жарияланды. 

Наверх