"Наурыз Жұмыскер": Ипотека бойынша өтініштерді қабылдау қашан басталады

Бүгiн, 15:03
179
Бөлісу:
"Наурыз Жұмыскер": Ипотека бойынша өтініштерді қабылдау қашан басталады
Фото: - архив

"Отбасы банк" АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова 2025 жылы 28 ақпанда Сенаттағы тыңдалымда көпшілік қызығушылық тудырып отырған жаңа тұрғын үй бағдарламаларына кімдер қатыса алатынын нақтылады, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ләззат Ибрагимова 5 наурыздан бастап банк порталында "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталатынын айтты. Оның айтуынша, оған барлық қазақстандықтар, соның ішінде халықтың осал топтарының өкілдері, жас отбасылар, жұмыс істейтін жастар, тұрғын үй төлемдеріне ие банк салымшылары, сондай-ақ қалалар мен ауылдық елді мекендердің еңбекке қабілетті халқы да қатыса алады. Оның үстіне соңғы 6 жылдағы депозит мөлшері туралы ақпарат маңызды емес, бірақ бағдарламаға қатысушылардың ресми табысы болуы тиіс.

17 наурызда "Наурыз" бағдарламасының тағы бір бөлігі болып табылатын "Наурыз Жұмыскер" бағдарламасы да іске қосылады. Барлығы екі бағдарлама қарастырылған: "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер". Олардың айырмашылықтарына тоқтала кетсек, мәселен "Наурыз" бағдарламасы жас отбасыларға көбірек бағытталған, ол арада барлық өтінімдер арнайы otbasybank.kz порталында қабылданады, іріктеу үлкен конкурстық жағдайда өтеді. Өтінімдерді қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады. Іріктеу кезінде негізгі критерийлер соңғы 5 жыл ішінде басында баспанасының болмауы және жинақтарының болуы шарт: соңғы екі жыл ішінде қаражат жинаған жас отбасылар артықшылыққа ие болады, - деді ол.

Жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді банктің филиалдарында кез келген уақытта өткізуге болады.

Процесс былай жүреді: қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін адамдар басымдыққа ие. Өтінімдерді қабылдау нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, кім де кім бірінші болып филиалға жүгінсе, бірінші болып пәтер таңдау және ипотека рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады. Өтінім беру үшін жұмыс орнынан анықтама қағаз қажет, оның негізінде банк қызметкерлері ұйымның ПИН кодын және оның салалық ерекшелігін тексереді. Бірінші кезекте бағдарлама тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларындағы жұмысшы мамандарды, сондай-ақ энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары қызметкерлерін қолдайды, - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.

Осыдан кейін өтініш берушінің мамандығы тексеріледі, бағдарламаға тек өңдеушілер, техниктер, технологтар, жүргізушілер сияқты жұмысшы мамандықтар өкілдері ғана қатыса алады. Осындай ұйымдарда жұмыс істейтін, бірақ кеңсе лауазымдарын атқаратын қызметкерлер – кеңсе менеджерлері, PR-менеджерлер, бухгалтерлер және тағы басқалары бағдарламаға қатыса алмайды.

Саланың ПИН-кодын, ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісі) мен мамандығын тексергеннен кейін өтініш беруші Астана және Алматы қалаларында пәтер таңдай алады. Займның максималды сомасы 36 млн теңгені, ал қалған облыс орталықтарында 30 млн теңгені құрайды. Сатып алынатын тұрғын үй Baspana Market порталында таңдалады, онда жылжымайтын мүлік құнының негізсіз өсуін болдырмау үшін шаршы метрдің бағасы белгіленіп отырады. Егер жұмысшы, мысалы, теміржолшы Астанаға жақын №80, 90 немесе 96 разъезд ауданында тұрған болса және бірінші тұрғын үй нарығы жоқ (жаңадан салынып жатқан үйлер болмаса) аудан орталығынан немесе моноқаладан баспана сатып алғысы келсе, бағдарлама оған екінші нарықтан (коммерциялық сектордан) үй сатып алуға рұқсат береді, – деп атап өтті "Отбасы банкі" басшысы.

Егер пәтерді құрылыс салу компания әрленген күйде ұсынса, онда бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-на дейін төмендетіледі.

Өзгелердің жаңалығы