Бүгін елордада «Nauryz» телехикаялар бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жаңа жобаға сәттілік тілей отырып, бәйгенің шымылдығын ашты. Сондай-ақ ведомство басшысы креативті өндірістің даму үдерісіне, телесериалдарымызға деген сұраныстардың артқанына ерекше тоқталып өтті.
Наурыз-жаңару мен өсудің, өркендеудің символы. Елімізде соңғы жылдары креативті индустрия ерекше қарқынды дамып келеді. Сан да, сапа да артып келеді. Шетелде де әртістеріміздің арқасында беделіміз артуда, - деді ол.
Сөз соңында министр Дархан Қыдырәлі алғашқы марапатты жариялап, өз қолымен табыстады.
Сонымен ұлттық бәйгенің жеңімпаздары:
Үздік тарихи сериал- “Міржақып. Оян, Қазақ!” Үздік драмалық сериал- «Ақжауын» Үздік комедиялық сериал- «Келінжан» Үздік веб-сериал- «Serjan Bratan» Үздік актер- Дулыға Ақмолда Үздік актриса-Жанель Сергазина Екінші пландағы үздік актер: Рүстем Жаныаманов. «Келінжан» сериалы Екінші пландағы үздік актриса: Камалия Байтелеуова. «Ақ пен қара» сериалы Үздік режиссер: Ерлан Нурмухамбетов. «Қаныш.Қазына». «Qazaqstan» ұлттық арнасы Үздік сценарист: Бекзат Мырзахметова. «Mystan» Үздік қоюшы – оператор: Бағдат Арғынов. «SHEKER», «Serjan bratan», «5:32» Үздік монтаж: Рахимжан Яхьяров. «Ақ пен қара» Үздік саундтрек: «Sheker»
Жеңімпаздар арнайы құрылған әділқазылар тобы талаптарына сай іріктелінді.
Айта кетейік, жалпы есеппен ұлттық бәйгенің тізіміне 52 номинант енген болатын.