Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгiн, 09:34
781
Бөлісу:
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Фото: talimger.kz

Наурыз - ең көп демалысы бар айлардың бірі. 2025 жылы наурызда да қазақстандықтар бірнеше күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Айта кетейік, наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.

Өзгелердің жаңалығы