Наурыз мейрамын тойлау аясында елімізде түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мейрам аясында көрмелер, концерттер, фестивальдар, жәрмеңкелер, әдеби-музыкалық кештер, спектакльдер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тарихи-танымдық сабақтар, кино көрсетілімдер ұйымдастырылады.
Жалпы республика бойынша 10 мыңнан астам бұқаралық, мәдени іс-шара ұйымдастырылмақ. Мерекенің басты іс-шарасы 21 наурыз күні Астана қаласының ЭКСПО аумағында өтеді. Қазіргі таңда мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр, - деді Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев.
Елімізде Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтетінін жазған едік.