Қызылорда: Наурызда 75 мерекелік іс-шара өтеді

16 Наурыз 2021, 23:36
1856
Бөлісу:
Қызылорда: Наурызда 75 мерекелік іс-шара өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылдорда қаласында Наурыз мерекесі аясында 75 мерекелік іс-шара офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Алайда биыл пандемияға байланысты Наурыз мерекесі орталық алаңда тойланбайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мәлімдеді.
Жоспарға сәйкес облыс көлемінде Наурыз мейрамының құндылықтарын дәріптеуге, насихаттауға арналған «Наурызым – нұрлы ырысым», «Ар ма, әз Наурыз», «Наурыз – көктем, «Наурыз-думан», «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты өнер ұжымдарының, «Жырла жырау, алғыс жырын Наурыздың» тақырыбында дәстүрлі әншілердің онлайн және офлайн форматтағы концерттері, облыс музейлерінде «Салт дәстүрім – сарқылмайтын байлығым», «Шебер қолдар», «Жаса, Наурыз дәстүрі» тақырыптық көрмелер, сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерімізді айшықтайтын «Шаңырақтағы салт-дәстүр» облыстық онлайн өнер фестивалі өтеді. Қазіргі таңда білім ұйымдарында оқушылар мен жасөспірімдерге ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұғындыру, тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеу мақсатында батырлық, эпостық жырлардан мәнерлеп оқу сайыстары, «Наурыз поштасы» тақырыбымен қарттарды, ардагерлерді құттықтау шаралары ұйымдастырылуда, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.

Барлық мерекелік шаралар карантин талаптарына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және маскалық режимді сақтай отырып өткізіледі. Бұған қоса, мерекеге арналған концерттерді мәдениет және өнер мекемелерінің әлеуметтік парақшалары мен «Сыр шаңырағы» YOUTUBE каналынан көрсетеді.

20 наурыз күні А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Әз Наурыз-берекенің ақ бесігі» атты мәдени көпшілік салтанатты шара өткізу жоспарлануда. Аталған мәдени шарада театрландырылған қойылым, тақырыпқа сай көрме, жергілікті өнерпаздар мен «Ақмешіт» фольклорлық ансамбльдер келген тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады. Сондай-ақ, «Наурыз» мерекесі қарсаңында 300-ге жуық отбасыға қайырымдылық акциясын өткізу жоспарлануда. Айта кететін жайт, мереке қарсаңында шаһар көшелері безендірілетін болады. Әлемді шарпыған індет қауіпі әлі сейілген жоқ. Сол себепті Наурыз мейрамын атап өтуде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізу бәрімізге міндет, – деді қала әкімінің Асқарбек Есжанов.

Айта кетейік, мереке күндері мәдениет үйлері, облыстық театр және музей, кітапхана жұмыс істейді. Өнер ұжымдары қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы