Астана, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың 17%-ы баға өседі деген пікірде, алайда 27%-ы инфляция баяулайды деп санайды. Бұл туралы Info Energyprom.KZ хабарлады.
Еліміз дәстүрлі мерекелердің бірі - Наурыз мерекесін атап өтуде. Наурыз - демалыс күндерімен және мәдени бағдарламалармен қатар, дәстүрлі тағам Наурыз көже әзірлеумен ерекшеленеді. Наурыз көже дайындаудың түрі өте көп. Дегенмен, негізгі құрамы су, тұз, ет, ұн, сүт өнімдері мен жармалардан тұрады.
Тағамды ет сорпасымен дайындауға немесе еттен басқа өнімдерді қолдану арқылы да әзірлеуге болады. Көжеге ұн өнімдерімен қатар жарманың бірнеше түрін қосуға болады.
Бір жыл ішінде дәстүрлі мерекелік тағамға арналған негізгі өнімдер әр түрлі дәрежеде қымбаттаған. Мәселен, наурызда тұз бағасы ҚР бойынша орта есеппен бір кг үшін 52 тг — ол өткен аймен салыстырғанда 0,04%-ға кем, өткен жылмен салыстырғанда, 2,4%-ға қымбат.
Ақпан айының қорытындысы бойынша жоғары сортты ұнның бір килограмы 162,9 теңгені құрады — өткен аймен салыстырғанда 3%-ға қымбат және өткен жылмен салыстырғанда бірден 8,2%-ға қымбат. Ал кеспенің бір келісі орташа есеппен 592,5 тг - ол өткен аймен салыстырғандаға 0,9%-ға қымбат. Жылдық өсім бірден елеулі 46,1%-ды құрады.
Тары - Наурыз көжеге қосылатын міндетті дәндердің бірі. Ол айына 5,3%-ға қымбаттап, 254,2 теңгені құрады (жылдық өсім - 21,7%). Өзге жарма түрлері бір айда 2%-ға қымбаттады.
Сүт өнімдерінен айран мен сары май пайдаланылады. Айранның 1 литрінің құны орташа есеппен 285,9 тг - өткен аймен салыстырғанда 0,3%-ға және бір жыл бұрын 4,8%-ға қымбат. Май бір айда 0,8%-ға және бір жылда 10,1%-ға, бір келісі 2159,3 теңгеге дейін қымбаттады.
Мереке күндері ет өнімдеріне деген сұраныс артады. Ең қымбат ет - жылқы еті. Сүйекті жылқы еті ақпан айының қорытындысы бойынша 1780,4 тг (бір айға+0,8% және бір жылға +10,8%). Сиыр еті бір айда 0,1%-ға және бір жылда 6,2%-ға өскен, 1562,6 теңгеге дейін; қой еті - бір айда 0,7%-ға және бір жылда 6,4%-ға, бір кг сүйектері бар жұмсақ ет 1474 теңгеге дейін қымбаттады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында тауарлар мен қызметтер бағасы өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 5%-ға өсті. Бұл ретте азық-түлік бағасы 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 5,9%-ға өсті.
ҚР ҰБ деректері бойынша ағымдағы жылдың 4 наурызындағы баспасөз парағында 2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында жылдық инфляция, тиісінше 5,2%-ға және 4,8%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, инфляция деңгейі азық-түлік тауарлары сегментінде (2018 жылғы желтоқсанда 5,1%-дан 2019 жылғы ақпанда 6,6%-ға дейін), сонымен бірге жеміс-көкөніс өнімдерін қоспағанда, барлық тауар позициялары бойынша айтарлықтай байқалып отыр.