Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Наурыз" ипотекасы кімге берілгені белгілі болды

Нұрқанат Атажан
3 Қараша 2025, 17:03
551
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда бүгін, 3 қарашада, “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Алғашқы 3 сағат ішінде ел тұрғындары 2218 өтінім жолдаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Отбасы банкінің мәліметінше, олардың 813-і сәтті қабылданған, ал 1128-і қаралу сатысында. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар, олардың үлесі 73%-ды құрайды. Өтінімдердің негізгі бөлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан түскен.

Өтінімдерді Baspana Market порталында беруге болады. Қабылдау 1 желтоқсанға дейін, жұмыс күндері жүргізіледі.

Еске салсақ, бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады. Бағдарлама туралы толық мына жерден оқуға болады. 

Өзгелердің жаңалығы