"Наурыз Challengeге" қатыс!

6 Наурыз 2019, 11:42
2067
Бөлісу:
"Наурыз Challengeге" қатыс!

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде "Наурыз Challenge" қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Депутаттар, кәсіпкерлер бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың пәтерлерін жөндеп береді, қамқорлық көрсетеді. Қайырымдылық акциясы аясында ақтөбелік І-топ мүгедегі Сымбат Нағметованың үйі күрделі жөндеуден өтіп жатыр.  

"Наурыз Challenge" акциясы наурыз айында басталды. Игі істі «Қамқоршылық-Забота» қайырымдылық қорының директоры, облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Довматенко бастап берді. Оны аймақ кәсіпкерлері, құрылыс компанияларының өкілдері қолдап, пәтерді жөндеуге 1 миллион теңгеге жуық қаржы жинады. 1-топ мүгедегі Сымбат Нағметовағақайырымды жандардың сыйына дән риза. Көлемі 53 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтері заманға сай әрленеді. Баспананың есік, терезелері ауыстырылып, түсқағаздар жабыстырылады. 

«2011 жылы осы пәтерге көшіп келген едік. Содан бері жөндеу көрмеді. Өзім арбаға таңылған жанмын. Дегенмен, жұмыс жасаймын. Баспанамызды жөндеуге қаржы таппай жүргенімізді алдымен Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының басшысы Құралай Бәйменоваға айттым. Сол кісінің бастамасы бұл. Өте қуаныштымын»,-деді Сымбат Нағметова.

Мүмкіндігі шектеулі Сымбат Нағметова қазірАқтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығында жұмыс жасайды. Ал, жұбайы баласына қарайды. Себебі 2-сыныпта білім алатын ұлы да ерекше бала.

"Наурыз Challengeге" қатыс!

«Мемлекет басшысы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алып, оларға үнемі көмектесу қажет деген үндеуінен кейін осындай қайырымдылық шарасын бастадық. Жөндеу жұмыстарын бірігіп жүргізіп жатырмыз. Бастамамызды кәсіпкерлер қолдап, көмек қолын созды. Сымбат Нағметова мүмкіндігі шектеулі болса да жұмыс жасап жүр. Наурыз мерекесінде керемет сый болады деп ойлаймын»,-деді«Қамқоршылық-Забота» қайырымдылық қорының директоры Дмитрий Довматенко.

"Наурыз Challenge" акциясы Ақтөбе облысында бір ай бойы жалғасады. Қайырымдылық шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың пәтерлерін жөндеу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы