«Наурыз Challenge». Көпбалалы аналарға көмек көрсетілуде

13 Наурыз 2019, 19:24
2570
Бөлісу:
«Наурыз Challenge». Көпбалалы аналарға көмек көрсетілуде

БҚО, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында «Наурыз Challenge» акциясы аясында көп балалы анаға материалдық көмек көрсетілді.

Аз қамтылған отбасылар «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өте жиі келеді. Мұнда келгендердің әрқайсысына қажеттілігі бойынша көмектесуге тырысады. Соңғы уақытта көп балалы аналардың өтініштері ерекше есепке алынды. Фракция депутаттары масылдық көңіл-күйді болдырмау және мәні бойынша көмек көрсету үшін мұқтаж отбасылардың нақты проблемалық мәселелерін шеше отырып, әрбір жағдайды егжей-тегжейлі талдайды. 

Соңғы мысалдардың бірі – ақпан айының аяғында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көп балалы ана Ерсін Қажғалиева келді. Жолдасы екеуі төрт бала тәрбиелеуде. Ерсін апа Орал мұз айдынында киім ілуші болып жұмыс істейді, бұл маусымдық жұмыс мамыр айына дейін ғана. Оның айлығы 30 000 теңгені кұрап, күнделікті өмірге жетпейді. Әсіресе ай сайын балабақша ақшасын төлеу қиынға соғып тұр. Осы мәселемен, яғни 5 жасар қызының балабақшасының ақшасын төлей алмағандықтан, Ерсін Ғарифоллақызы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінді. Бұдан бөлек отбасы пәтер жалдап тұрады, тұрақты жұмыс таба алмау мәселелері тағы бар. 

- Жолдасым қазір жұмыссыз, күз, жаз мезгілінде құрылыста істеген, қазір қайта жұмыс іздеп жүр, - дейді әйел. 

Ерсін уақытында білім алып үлгермеді, училищеде екі жыл оқыды,  диплом алған жоқ. Күйеуінің де дипломы жоқ, тұрақты жұмысы да жоқ. Үлкен баласы да ЖОО бітірген дипломы бар болғанмен отбасына қазіргі кезде ақшалай көмектесе алмайды, жұмыссыз. Осы уақытқа дейін супермаркетте істеген ол, қазір жұмыстан босап қалып, тағы жұмыс іздеуде. Сондай-ақ жанұяда мектеп жасындағы тағы екі бала бар. Кіші 5 жасар қыз балабақша ақшасы төленбегендіктен үйде отыр. Ерсін Қажғалиева тапқан табысының барлығын алты жылдан бері жалдап тұратын жер үйге төлеуге мәжбүр. Іс жүзінде алты адамнан тұратын отбасы 35 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмекке тұрады. 

Айта кетейік, Ағымдағы жылдың 19 ақпанынан 1 наурыз аралығында «Нұр Отан» партиясы БҚОФ, Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» республикалық акциясы аясында 170 адам қабылдауда болды. Қабылдауда болған азаматтардың 101-і көпбалалы, 25-сі толық емес отбасы категориялары бойынша қабылданды. Қабылдауда қозғалған мәселелердің 70%-ы тұрғын үй мәселесі болса, қалған басым бөлігі әлеуметтік көмек бойынша. Материалдық көмекке мұқтаж 33 отбасына депуттар мен еріктілер тарапынан көмек көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы