Наурыз айының соңғы күндері қандай ауа райы болады?

28 Наурыз 2022, 13:25
1412
Бөлісу:
Наурыз айының соңғы күндері қандай ауа райы болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздың соңғы күндерінде Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. 

Солайша, республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. 

Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады.

Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6 аяз...2 жылу, оңтүстік жартысында ауа температурасының 5 аяз...5 жылу дейін ауытқуы, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10...20 жылуға дейін, солтүстігінде 2...8 жылуға дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3...11 жылуға дейін күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы