"Қазгидромет" алдағы үш күнге күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда тұман мен жел күшейеді.
Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады.
Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады.
Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады.
Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі.
Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.