Науқастар зардап шекпейді: Қайдарова онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінген қаражаттың қысқаруы туралы

10 Маусым 2024, 12:11
1154
Бөлісу:
Науқастар зардап шекпейді: Қайдарова онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінген қаражаттың қысқаруы туралы
Фото: автордан

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінген бюджетті 20 пайызға қысқарту туралы шешімге түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен аптада Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігін онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаражатты қысқартты деп сынға алған.

Біз жұмыс тобын құрдық және ол шешуі керек. Ал біз онкологтар қандай тарифтерді төмендетуге болатынын және қайсысын төмендетуге болмайтынын көрсетуіміз керек, яғни бұл жағдайда бірде-бір онкологиялық науқас зардап шекпейді, - деді Қайдарова.

Ол Ұлттық ғылыми онкология орталығында өтіп жатқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары" отырысында депутаттар дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

Біз қазір осы тарифтерді қайта қарауды сұрадық және әр тарифті жекелей қарауды сұрадық, - деді ол.

Еске салсақ Асхат Аймағамбетов елімізде жаман ауруды ерте анықтау деңгейі төмен екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы