Бас прокуратура денсаулық сақтау министрлігінен ауруханаларды кешенді тексеруді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерумен қамту жоспарланған, - деп атап өтті Бас прокуратура.
Қазіргі күні полиция Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының үш пациентінің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу Қылмыстық Кодекстің 118-бабының 3-бөлігі бойынша "Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру" бойынша жүріп жатыр.
Қазақстанда медициналық мекемеде инфекция жұқтыру соңғы 10 жылда алғаш рет тіркелді, - деп қосты Бас прокуратура.
Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап қойды.