НАТО-ға мүше үшінші ел АҚШ-тың Иранға қарсы операцияларына байланысты әуе кеңістігін жапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Австрия АҚШ-қа Иранға қарсы әскери операцияға қатысатын ұшақтардың өз әуе кеңістігін пайдалануына тыйым салды.
Австрия Қорғаныс министрлігі АҚШ тарапынан ел аумағы арқылы ұшуға бірнеше өтініш түскенін растады, алайда олардың барлығы кері қайтарылған.
Сейсенбі күні "Коррьере делла Сера" газеті Италия Вашингтонға Сицилиядағы Сигонелла НАТО базасын Таяу Шығысқа бомбалаушы ұшақтарды орналастыру үшін пайдалануға рұқсат бермегенін хабарлады.
Дүйсенбі күні Испанияның қорғаныс министрі Маргарита Роблес Иранмен қақтығысқа қатысатын АҚШ ұшақтарына енді елдің әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Франция да АҚШ-тың Израильге қару жеткізуі үшін өз әуе кеңістігін ашпаған болатын.