Қазақстанның соңғы жаңалықтары

НАТО-ға мүше үш ел Гренландияға әскер жібереді

Бүгiн, 08:48
168
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың Арктикадағы аралға қатысты талаптары аясында Германия, Швеция және Норвегияның әскери қызметкерлері барлау миссиясы шеңберінде Гренландияға барады. Миссия 15–17 қаңтар аралығында өтеді. Оның мақсаты — өңірдегі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болатынын зерделеу. Бұл туралы, деп хабарлайды BAQ.KZ DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, барлау миссиясы Данияның шақыруымен 15–17 қаңтар күндері ұйымдастырылады.

Мақсат — Данияны өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде, мысалы, теңіз кеңістігін бақылау саласында қолдау көрсету үшін әскери қатысудың қандай мүмкіндіктері бар екенін зерттеу, – деп түсіндірді ведомство.

Миссияға Германиядан 13 әскери қызметкер қатысады. Норвегия екі сарбаз жібереді, бұл туралы елдің қорғаныс министрі Торе Сандвик хабарлады. Ал Швециядан аралға бірнеше офицер барады, – деп мәлімдеді ел премьер-министрі Ульф Кристерссон.

Bild басылымының жазуынша, бұл миссияны Дания үйлестіріп отыр. Бұл операцияның соңғы күндері Гренландияға қатысты аумақтық талаптарын қайта көтере бастаған АҚШ-пен келісілмей жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсеннің аралдың Дания құрамында қалуды қалайтыны туралы мәлімдемесіне пікір білдіріп, "оның кім екенін білмеймін. Бірақ ол үшін бұл үлкен мәселе болады" деген.

Бұған дейін Дания парламентінің депутаты Копенгаген тіпті ядролық қару қолдану қаупі төнсе де, Гренландиядан бас тартпайтынын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы