Нәтижесіз тыйымдар мен үрейлі статистика. ДСМ әлемдік тәжірибені неге елемей отыр?

5 Мамыр 2023, 11:01
902
Бөлісу:
Нәтижесіз тыйымдар мен үрейлі статистика. ДСМ әлемдік тәжірибені неге елемей отыр?

Әлем елдері денсаулық сақтау мәселелерін озық әдістермен шешіп, тәуелді адамдарға зиян әдеттерден арылуға көмектесіп-ақ жатыр. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге шам ала түсудің орнына, бәріне тыйым салу әдісін әлі құп көріп келеді. Мұның жарқын мысалы – вейпке қатысты саясат, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселені көшбасшы елдер қалай шешіп жатқанына тоқталайық. City Health қала тұрғындарының денсаулығын сақтау бойынша 12-ші жаһандық конференциясы барысында 15 мемлекеттің дәрігерлері мен ғалымдары дұрыс емес өмір салты мен жаман әдеттермен байланысты жұқпалы емес аурулардың (ЖЕА) алдын алудың әлемдік тәжірибесін талқылаған. Атап айтқанда темекі шегу, алкоголь, тым тәтті, майлы және тұзды тағамдарды тұтыну салдарынан мезгілсіз өлімге әкеп соғатын қауіп факторларын азайтудың ең жақсы тәжірибелері сөз болған.

Дәл осы жиында қатерлер мен қауіптердің түпкі себебі біреу екені айтылған. Бұл – шылым шегу. Амал не, тыйым салу әдістерінің көптігі мен темекіні қымбаттату шараларына қарамастан, көп елде шылым шегу азаймай тұр. Мәселен Өзбекстанда небәрі 5 жылдың ішінде (2014-2019) темекі тұтыну деңгейі 13-тен 16,5 пайызға артып кеткен. 

Форумда темекіге қарсы күресте тиімді шараларды қолдана білген Ұлыбританияның тәжірибесі қаузалды. Мұнда мәселе халықтың өз денсаулығына зиянды барынша азайтуға, қаупі аздау балама өнімдерге көшуге деген ынтасын оятуда болып отыр. Public Health England есірткі және алкоголь саясаты жөніндегі сарапшысы Дэвид Макинтоштың айтуынша, биыл Ұлыбритания билігі темекі шегуден вейп пен түтінсіз әрі қыздырылмайтын табакқа өту бойынша ірі бағдарламаны іске қосқан. Бұл жоба бойынша әрбір адам темекісін вейпке немесе қыздырылмайтын түтінсіз табак құрылғысына айырбастай алады. Бұл балама өнімдер табакты тұтатпайды, сондықтан адамға қатты әсер тигізетін зиян түтінді шығармайды. 

Нәтижесіз тыйымдар мен үрейлі статистика. ДСМ әлемдік тәжірибені неге елемей отыр?

Вейпинг немесе түтінсіз қыздырылған темекі тұтынушының және оның айналасындағылардың денсаулығына келтіретін зиянын барынша азайта алады. Электронды темекіні пайдаланған кезде темекі жанбайды, яғни улы химикаттар түзілмейді. Темекі түтінінің болмауы – вейпингтің ең үлкен артықшылығы, – дейді ұлыбританиялық сарапшы.

Британиялықтардың осынау тәжірибесі бүгінде көптеген елде қолданылады. Қатерлерді модификациялау жөніндегі медицина мамандарының қауымдастығы директоры, дәрігер Александр Розанов адамның никотиннен бас тартуы бірте-бірте іске асатын процесс болуы керек деп есептейді. Оның айтуынша, зиянды азайтатын факторлар қолданылуы керек. Себебі адам негізгі зиянды никотиннен емес, темекі шегу сәтіндегі жану мен өзге де жанатын улы заттардан қабылдайды.

Нәтижесіз тыйымдар мен үрейлі статистика. ДСМ әлемдік тәжірибені неге елемей отыр?

 Никотинді тұтынудың баламалы түтінсіз әдістеріне, соның ішінде жану процесі жоқ темекі қыздыру жүйелеріне немесе вейптерге ауысқаны жөн, бұл зиянды азайтудың негізгі мәні, – дейді ол.

Ал Қырғыз Республикасының парламенті – Жогорку Кенештің Денсаулық сақтау жөніндегі Орталық комитетінің төрағасы Винера Райымбачаева Қырғызстанда билік зиянды азайту қағидатын таңдағанын растап отыр. 

Нәтижесіз тыйымдар мен үрейлі статистика. ДСМ әлемдік тәжірибені неге елемей отыр?

Бүгінгі таңда зиянды азайту – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесінде өте өзекті тақырып. Мұндағы мәселе – болашақта біз қаншалықты сау ұлт бола аламыз деген сұрақ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зор күш-жігер қажет және дәл осы «зиянды азайту концепциясы» ең тиімді құралдарды жинақтаған, – деп атап өтті ол.

Бір қызығы, Қазақстанда зиянды азайту принциптерін енгізуге ешкім құлық танытпай, нәтижесі көңіл көншітпейтін тыйым салу әдістерімен шектеліп отыр. Мысалы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері темекіден әлдеқайда қауіпсіз вейптерге тыйым салу идеясын айтып жатыр. Ресейде де таяуда кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салатын заң қабылданғанын атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы