Наталья Сергеева Токио Олимпиадасының лицензиясын еншіледі

5 Мамыр 2021, 21:30
1720
Бөлісу:
Наталья Сергеева Токио Олимпиадасының лицензиясын еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наталья Сергеева ескек есуден және каноэде есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бүгінде Тайландта Паттайя қаласында өтіп жатқан іріктеудегі Азия чемпионатының бірінші күні ол 500 метр қашықтықта байдаркада бірінші болып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наталья Сергеева су спорты бойынша Түркістан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі.

Ертең ВТС-дегі ТО СДЮШШОР-дың тағы бір өкілі Инна Клинова 200 метр қашықтықта жалғыз байдаркада сайысқа түсіп, олимпиадалық лицензия үшін күреседі.

Осылайша, түркістандық спортшылардың қоржыны тағы бір билетпен толықты. Сонымен жолдамалар саны екеу болды. 

Еске салсақ, Иорданияның Амман қаласында бокстан өткен Азия аймақтық лицензиялық турнирінде 52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов алғашқы лицензияға қол жеткізген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы