Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуы тиіс – Саденов

27 Мамыр 2024, 14:27
183
Бөлісу:
Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуы тиіс – Саденов
Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта өтті.

Мемлекет басшысы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда есірткінің синтетикалық түрлері үлкен проблемаға айналған. Соңғы жылдары “синтетиканы” тәркілеу көрсеткіші жоғары. Сонымен қатар жастардың есірткі қылмысына тартылуы жиілеген.

Нашақорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік органдар тиімді қатысуы тиіс. Мұндағы негізгі бағыт – нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту. Сіздердің миссияларыңыз маңызды. Балалар – біздің болашағымыз. Ал есірткі ұлт болашағына қауіп төндіріп отыр, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Қазір жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу ерекше назарда. Өкінішке орай, жыл басынан бері есірткі таратуға қатысқан 20 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Кеңесте Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ маусым айында есірткіге қарсы айлықты өткізу ұсынылды.

Есірткіге қарсы айлықты бастауды және оны тұрақты негізде жүргізуді ұсынамын. Біз “жазаның бұлтартпастығы” принципі туралы айтып отырмыз. Қоғамда есірткінің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік болуы керек, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы