«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

27 Наурыз 2021, 14:34
3863
Бөлісу:
«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапханада қазақ тіліндегі «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабының тұсаукесері өтті.

«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Кітаптың баспадан шығуына себепкер болған белгілі ақын, жас ғалым Ербол Алшынбай тұңғыш рет кітапты шағатай тілінен қазақ тіліне аударып отыр. Аударманы Мәскеу мемлекеттік тарихи мұражайының мұрағатынан алынған Зайцевтің жарыққа шығарған факсимилесін тікелей аударды. 2017 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен кітап тұңғыш рет орыс тіліне аударылған болатын. Енді шағатай тілінен қазақ тіліне аударылды. Орысша мен қазақшаны салыстырған кезде алғашқы нұсқада кейбір жер, су аты мен кейбір тарихи деректің түсіп қалғанына куә болдық. Оның орысшасы мен қазақшасын салыстырып оқысаңыздар, көресіздер, - деді Берік Уәли. 
«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Берік Уәли Президенттің тапсырмасын тілге тиек етті.  

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы керек. Бөтен идеологияның жетегінде жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді» деген болатын. Сол бағытты жүзеге асыру мақсатында осы кітапты қолға алдық. Ербол Алшынбай Президенттің баспасөз қызметінде сарапшы болып жұмыс істейді. Пандемия кезінде көп қызметкер қашықтан жұмыс істеді. Сол кезде осы кітапты аудару тапсырмасын бердік. Ол өзінің міндетін жоғары деңгейде атқарды деп есептейміз, - деді Берік Уәли. 

«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Ол атағандай, қазақ сұлтаны Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы тарихи еңбек болып саналады. 

«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

«Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Кітаптың маңызы да сол. Қазақ тарихын қазақтың өз көзқарасымен, қазақ тарихшысының пайымымен жазылған еңбектер санаулы. Оның алғашқысы – Қадырғали Жалаиридің «Жәмиғат-ат тауарих» еңбегі болса, екінші кітап Ахмет Кенесариннің «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы десек қателеспейміз. Бұл кітаптың алғашқы аударылған қолжазбасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырғынбыз. Ол «тарих үшін құнды еңбек» деп баға берді, - деді ол. 

Айта кетейік, «Насаб наме сұлтан Сыдық» кітабы 2000 данамен жарыққа шықты.


Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы