Алматы, BAQ.KZ. Зымыран-тасығыштың ұзындығы 65 метр, бұл 25 қабатты ғимаратпен тең. Бұл туралы National Geographic басылымы жазды.
Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) SLS зымыран-тасығышының орталық блогын құрастырып бітірді. Бұл зымыран Айға ушуға бағытталған, келешекте Марсқа да ұшуы мүмкін. Бұл бұған дейін құрастырылған зымырандардың ішіндегі ең ұзыны. Оның биіктігі 25 қабатты ғимаратпен тең. Оның үстіне күші де көп, сағатына 28 400 км жетеді.
Ведомства басшысы Джим Брайденстайнның айтуынша, құрастырылған зымыранның орталық блогы NASA-дағы Джон Стеннис орталығында сынақтан өтеді. SLS зымыранын ұшыру келесі жылға жоспарланған.
Зымыранды іске қосу мерзімі бірнеше рет өзгертілген. Алғашында 2019 жылы ұшады деп жоспарларланса, кейін 2020 жылдың мауысым айын, одан кейін 2021 жылға шегерілірген.