"Құпия арал" Әзербайжанның шығыс жағалауынан 25 шақырым жерде орналасқан және Чигил-Дениз деген атауға ие, деп хабарлайды BAQ.KZ NASA-ның Жер обсерваториясына сілтеме жасап.
Обсерваторияның дерегінше, 2022 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың желтоқсаны аралығында Landsat 8 және 9 аппараттары Каспий теңізінің жағалау аймағын бірнеше рет суретке түсіріп, кездейсоқ жаңа аралды анықтаған.
Спутниктік бақылаулар көрсеткендей, арал Каспий теңізінің суынан 2023 жылдың басында Кумани-Бэнк лай жанартауының атқылауынан кейін көтерілген. 2024 жылдың соңына қарай судың үстінде аралдың айтарлықтай кішірейген бөлігі ғана көрініп тұрды.
Аралдың ең үлкен аумағы 400 метрге (1300 фут) жеткен – бұл төрт футбол алаңының ұзындығынан сәл ғана үлкен, – деп хабарлады обсерватория өкілдері.