Нарынқолда Мұқағали Мақатаевтың құрметіне ескерткіш қойылады

26 Қараша 2020, 23:36
2975
Бөлісу:
Нарынқолда Мұқағали Мақатаевтың құрметіне ескерткіш қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нарынқолда Мұқағали Мақатаевқа ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жаңадан құрылған Райымбек ауданының одан әрі дамуына бұдан әрі де жағдай жасалатынын айтып, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына тыңғылықты дайындық жасау керектігін айтты. 

Ақынның тойына жан-жақтан келген көпшілік Райымбек ауданының екі жыл ішінде қалай өсіп-өркендегенін де көріп қайтады. Сондықтан Қарасаз ауылында қандай нысандарды жөндеу керек, қандай көркейту жұмыстары жүргізілуі керек, мерейтой қалай өткізіледі, барлығын түгелдей қамтып, толыққанды жоспар жасау қажет, - деді А. Баталов. 
Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Қарасаз ауылындағы өнер мектебін қайта салу, осы ауылдағы Барманбекұлы атындағы мектепті жөндеу, елді мекенді абаттандыру шараларына қаржы қарастырылып, Нарынқолда ақынның ескерткіші қойылып, оның маңайы да толық абаттандырылмақ.
Өзгелердің жаңалығы