Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

2 Желтоқсан 2022, 11:02
1868
Бөлісу:

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Нариман Төреғалиев 19.07.1964 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты (1990)
Инженер-экономист,    Каспий қоғамдық университеті (2004) Заңгер мамандығы бойынша бітірген

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
Экономика ғылымдарының магистрі

Еңбек өтілі:
·      «ХVІІІ Партсъезд» ат. ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995);
·      «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы,  экономисті, бас экономисті (1997-1999);
·      «Акжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
·    Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
·    Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003);
·      Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
·      Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
·      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
·      Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
·      Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
·      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
·      Орал қаласының әкімі (2016-2017);

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
·      «Құрмет» ордені (2016)

Өзгелердің жаңалығы