Нәрікбаев: Су басқан өңірлерге университетіміздің атынан көмек көрсетеміз

7 Сәуір 2024, 12:09
538
Бөлісу:
Нәрікбаев: Су басқан өңірлерге университетіміздің атынан көмек көрсетеміз

KAZGUU университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Мемлекет басшысының су тасқынына қатысты халыққа үндеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуін тыңдап шықтым. Ашығын айту керек, қазіргі таңда қиын жағдайда қалған халқымызға жылы сөз өте маңызды. Президенттің тапсырмасымен халыққа көмектесу үшін үкімет мемлекеттік материалдық резервті пайдаланатын болды. Сондай-ақ шығындарды өтеуді толығымен үкімет жауапкершілікке алады, - дейді Нәрікбаев.

Сондай-ақ ол апаттық жағдайда еліміздің бірлікте болуы, ал қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауымыз керек екенін айтты.

Біз де өз тарапымыздан университетіміздің атынан көмек қолын созуға дайын екенімізді білдіргім келеді. Арнайы қорларға қаражат аударамыз деп шешім қабылдадық. Барша университеттерді осындай апатты жағдайда қолдауға шақырамын. Еліміз аман, жұрт тыныш болсын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы