Оралда нәрестесін қоқыс контейнеріне тастаған әйел ұсталды

7 Қазан 2019, 17:34
2160
Бөлісу:
Оралда нәрестесін қоқыс контейнеріне тастаған әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция басқармасы хабарлауынша, күдікті ретінде баланың анасы, 31 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталды. 

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (ананың жаңа туған нәрестесін өлтіруі)», - деп атап өтті БҚО полиция басқармасы баспасөз қызметі.

Кейіннен белгілі болғандай, ұсталған азаматша төрт баланың анасы. Қазір ол азаматтық некеде тұрады. Азаматша баланың өлі туылғанын және емханаға жүктілік бойынша есепке тұрмағанын айтқан.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Орал қаласында қоқыс контейнерінен баланың денесі табылған болатын. Ол целлофанды қалтаға оралып, спорттық сөмкеде болған. Баланы баспанасыз адам тауып алған.


Өзгелердің жаңалығы