Наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым – Бозымбаев

24 Ақпан 2022, 17:43
2098
Бөлісу:
Наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым – Бозымбаев

Алматы, BAQ.KZ тілішісі. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев брифинг барысында ұятты сөздер жазылған видеоның таралу себебін түсіндірді. 

Мен наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым. Митингте халық өз талаптарын айтты. Бірнеше адам халықтың ортасына іріткі сала бастады. Сол кезде эмоцияға беріліп кеттім, бір минуттан кейін микрофонды алып, айтылған сөздер үшін халықтан кешірім сұрадым. Шынымды айтсам, мен де сол күні өте көп жаман сөздер естідім, - деді өңір басшысы.

Наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым – Бозымбаев

Сонымен қатар ол «Қаралы қаңтар» оқиғасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Жаппай наразылықтардың алғашқы күндерінде мен халыққа шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастадым. Бір сағат ішінде наразылық білдірушілерден барлық проблемалық мәселелерді бірлесіп шешуге менің кабинетіме келулерін сұрадым. 30%-ы үйлеріне қайтты. Сол кездегі азаматтардың талап-тілектері әртүрлі болды. Айқай-шу, ашынған халық. Жергілікті билік өкілдері, менің орынбасарларым барынша олармен тілдесу жүргізді, - деді облыс әкімі.

Наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым – Бозымбаев

Айта кетсек, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың Қаңтар қырғыны кезінде көпшілік алдына шығып сөйлеген сөзі желіде тараған еді. 
 

Өзгелердің жаңалығы