Наразылық акцияларынан кейін Абхазия президенті отставкаға кетті

13 Қаңтар 2020, 12:48
1799
Бөлісу:
Наразылық акцияларынан кейін Абхазия президенті отставкаға кетті

Алматы, BAQ.KZ. Абхазия президенті Рауль Хаджимба өз өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. 

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Мұндай мәлімдемені елдің бұрынғы премьер-министрі Сергей Шамба президенттің мемлекеттік саяжайы алдына жиналған халыққа оқып берді. 

Елдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында, мен президенттік өкілеттілігімді тоқтатамын делінген, - ел президентінің мәлімдемесінде.

Абхазия вице-президенті Аслан Барцицте бұл мәлімдемені растады.

Елде қан төгілмес үшін және азда болса, тұрақтылықты сақтау үшін ол отставкаға кету құжатына қол қойды, - деді ол.

Жексенбі күні президенттің мемлекеттік саяжайының алдына оппозицияның мыңдаған жақтастары жиналған. Олар президенттің отставкаға кету жөніндегі мәлімдемесін қуана қарсы алып, жан-жақтан ысқырып, қошеметтеген.

Еске салсақ, шеруге шыққандар бірнеше күн бұрын Абхазия президентінің әкімшілік ғимаратын басып алған болатын.

Шерушілер елде өткен президент сайлауын заңсыз деп тануын талап еткен болатын. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, Рауль Хаджимба бұл сайлауда жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы