Елордаға Тұңғыш Президент есімінің беру - үлкен құрмет – А.Налшыбек

22 Наурыз 2019, 15:39
3308
Бөлісу:
Елордаға Тұңғыш Президент есімінің беру - үлкен құрмет – А.Налшыбек

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласындағы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Асхат Налшыбек те Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтанға ауысқанын қалайды. Еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясын қолдап отыр.

«Барша қазақстандықтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймын. Күні кеше ҚР Президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланып, Елордамызға Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып аталуы мен үшін үлкен құрмет. Лайықты деп ойлаймын. Елордамызды «Астана» деп атау туралы идеяны да кезінде қолдамағандар көп болды. Қазір ашумен емес, ақылмен ойланатын заман. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор», - деді Асхат Налшыбек.

Егемендігімізді алғанымызға ширек ғасырдан сәл асса да өзге мемлекеттер алдында абыройымыз жоғары. Қазір дамушы мемлекеттердің қатарындамыз. Осылай деген Астана қаласындағы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы ел Конституциясының өзгертіліп, Елордамыз Нұр-Сұлтан болса деген тілек білдірді.

«Дамушы елдердің қатарындамыз. Елде қазір көптеген өзгеріс болып жатыр. Білімді жастар өсіп келеді. Шет мемлекеттерде білім алып жатқандары көп. Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту үшін ел Конституциясына өзгерістер енгізуге болады деп ойлаймын. Себебі, біз Тұңғыш Президентімізбен мақтануымыз керек. Елорда жастары да бұл пікірді қолдайды деп есептеймін», - деді «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы