NAIS-2024 көрмесінде жерүсті инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды

8 Ақпан 2024, 13:50
295
Бөлісу:
NAIS-2024 көрмесінде жерүсті инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Мәскеуде NAIS-2024 азаматтық авиация инфрақұрылымының 11-ші ұлттық көрмесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, аталған іс-шараға әлемнің 15-тен астам елінен авиациялық билік органдарының өкілдері мен тасымалдаушылар, сонымен бірге көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация қатысты.

NAIS-2024 көрмесінде жерүсті инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды

 Көрме аясында Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары В.Потешкинмен екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық аспектілерін, оның ішінде маршруттық желіні кеңейту және жерүсті инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін талқылады.

NAIS-2024 көрмесінде жерүсті инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды

Сондай-ақ іс-шара аясында Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің әуе кеңістігі федералды агенттігінің басшысы Д.Ядровпен кездесу өтіп, оның қорытындысы бойынша екі тарап Ресей мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту жөнінде келісті.

Өзгелердің жаңалығы