Қордайдағы төбелес. Нәтижесін көріп отырсыздар – Абаев

8 Ақпан 2020, 13:12
2351
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес. Нәтижесін көріп отырсыздар – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелеске байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді. 

Журналистер қауымын  Қордай ауданында болған қайғылы жағдай жөнінде ақпарат бергенде объективті болуға шақырамын. Азаматтарды алаңдататын, елді шулататын мәлімет бермеуді сұраймын. Мына жанжал ең басында тек бір ауыл деңгейінде болған. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Алайда whatsapp, telegram секілді мессенджерлер мәселені қоздырған, жағдайды ушықтырған. Нәтижесін көріп отырсыздар. Бірнеше адам қаза тауып, жарақат алды, - дейді Дәурен Абаев.

Ол халықты жалған ақпарат таратпауға, оған сенбеуге шақырды. Сонда-ақ жалған ақпарат таратқандар жазалатынын айтты. 
Сондықтан әрбір таратқан ақпаратқа жауап барын ұмытпау керек. Бұл да айтылған сөз сияқты – қайтара алмайсыз. Сондықтан аудио-видеоны таратқан кезде абай болыңыздар. Сіз таратқан ақпараттан кінәсіз біреудің зардап шекпеуін ойлау қажет. Осы тұста тек журналистерге ғана емес, еліміздің әрбір азаматына ескерткім келеді. Біз "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" деген Абайдың еліміз ғой, ағайын. Асығыс шешім қабылдамайық. Сабыр сақтайық. Бұл жанжалды бастағандар ешқайда қашып құтыла алмайды. Қазір интернетке, барлық әлеуметтік желіге, мессенджерге мониторинг жасалуда. Ол жерде видео-аудиохабарлар – барлығы қадағаланады. Дезинформация тудырған. Ол мәліметтер құқыққорғау органдарына беріледі. Бұл жанжанды бастағандар да, оған қоса барлық провокаторлар да жауапқа тартылады. Комиссия қазір Қордай ауданына бара жатыр. Барлық жағдайды комиссия хабарлайды. Біз қазір ҚХА өкілдерін, жергілікті ақсақалдарды, қоғам қайраткерлерін, имамдарды тарта отырып, халықты сабырға шақырамыз. Қазір елді дүрліктіретіндей негіз жоқ. Жағдай бақылауда, - дейді министр. 

Еске сала кетейік, 7 ақпада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында патрульдік тәртіп сақшылары "Honda Odyssey" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Ресми мәліметке сәйкес, автокөліктің мемлекеттік нөмірі талаптарға сай болмай шыққан. Ал құжатты тексеру кезінде басқа да заңбұзушылық анықталған. Көліктегілер полицияның учаскелік бекетке бару талабын орындамай, қашып құтылмақшы болады. Сөйтіп, өз үйіне қашып келеді. Сол жерде оған туыстары көмектесіп, полицейлерге жабылады. Оқиға куәгерлері болған оқиғаны видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы таратқан. Осыдан соң  халық жиналып, арты жаппай төбелеске ұласқан. 

Масанчи ауылында 2009 жылғы халық санағы бойынша 13 606 адам тұрады. Соның ішінде 90% – дүнгендер, 5% ғана – қазақтар, тағы 5 %  – орыстар.



Өзгелердің жаңалығы