Нұрымбетов БЖТ төлегендер арасында 42 500 теңгені кім алмайтынын айтты

16 Шілде 2020, 14:41
1714
Бөлісу:
Нұрымбетов БЖТ төлегендер арасында 42 500 теңгені кім алмайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанрындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істеп жүрген азаматтар, оларды фрилансер дейміз. Ол кісілер өздері өтініш береді, ол өтініштер штаб арқылы емес, тікелей беріледі. Бірақ бұл кісілерге бір шарт: 2020 жылғы 6 ай бойынша бір рет болсын зейнетақы жарнасын төлеуі керек. Бұл қатарға тағы да кәсіпкерлікпен айналысып, ай сайын бірыңғай жиынтықты төлеп жүрген кәсіпкерлер кіреді. Әрине, карантин шараларына қатысты олардың табысы тоқтаса, өтініш бере алады, - деді ол. 
Министр бұл жолы төлеу БЖТ қажеті жоқ екенін айтты. 
Бейресми жұмыс істейтін азаматтардың ішінде БЖТ-ны бір рет төлегендердің ішінен кімдер алмайды? Біріншіден, мемлекеттің бюджетінен зейнетақы, жәрдемақылар, АӘК, сақтандыру қорынан тиісті төлем алып жүргенде 42 500 теңгені алмайды. Олар бейресми жұмыс істегендердің қатарына жата алмайды. Бірақ  олар ресми жұмыс істесе немесе ЖК-сы болса, олар өтініш бере алады. ТЖ кезінде бірыңғай жиынтықты төлеген  млн-нан астам адам болған. Бірінші рет бейресми жұмыс істегенін растады. Ол кісілермен біраз жұмыс істедік. 70 мыңға жуығын жұмыспен қамту шараларына тарттық. Егер олар төтенше жағдай кезінде БЖТ-ны бір рет төлеп, қазір жұмыспен қамту шараларына тартылып, жұмыс істеп жатса, олар 42 500 теңгені ала алмайды,  - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы