Нұрсұлтандықтардың назарына!

7 Ақпан 2020, 20:15
1664
Бөлісу:
Нұрсұлтандықтардың назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қалың қар жауады және ауа температурасы жоғарылайды деп болжайды. Бұл өз кезегінде жолдар мен жаяу жүргіншілер жаяужолдарында көктайғаққа әкеп соғады.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда абай болуларын ескертеді. 

Полиция департаменті барлық көлік құралдарының жүргізушілеріне жолдарда, әсіресе  оқу мекемелерінің, қоғамдық көлік аялдамаларының, жаяу жүргіншілер өтпелерінің жанында мұқият болуларын, сонымен қатар жылдамдық режимін, арақашықтықты және жол жүру ережесінің басқа да талаптарын сақтауды сұрайды. Жаяу жүргіншілер жүріс бөлігін кесіп өткен кезде автокөліктердің ылғалды және тайғақ жоларда бірден тоқтай алмайтынын ескеруі қажет, - делінген хабарламада. 

Өзіңізді жол-көлік оқиғаларының және құлаудың салдарынан туындайтын қауіптен сақтаудың жалғыз әдісі - өте мұқият болу және асықпау болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы