Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты елордадан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолы жабылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жел 25 м/с) 06.12.2019 ж сағат 20.30-дан бастап қаладан шығатын барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылғанын хабарлайды, - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД тұрғындарды ауа райының өзгеруіне байланысты ақпараттардан құлағдар болып, барынша сақ болуға шақырады. Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.