Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлем кубогының кезеңі басталды

15 Маусым 2019, 13:30
1482
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлем кубогының кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 15 маусымда елордада екінші рет триатлоннан 2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.


Жарыс кәсіби атлеттер арасында өтіп жатыр.  Әлемнің 123 ұлттық федерацияларының басын біріктіретін Халықаралық триатлон одағының (ITU) қолдауымен өтіп жатыр. 

Турнирдің басты мақсаты триатлонды дамыту мен Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау болып отыр. Сондай-ақ, қазақстандық атлеттер мен жаттықтырушылардың, төрешілердің біліктілігін арттырып, мықты спортшыларды танытуды мақсат етеді. 

Elite санатындағы атлеттердің (кәсіпқойдар)  "стандарт" қашықтығындағы жарысы 15 маусымға жоспарланған және үш кезеңнен тұрады: 1500 метр (жүзу) + 40 км (вело) + 10 км (жүгіру). Додаға әлемнің 37 елінен келген130 спортшы қатысады. 
Қазақстан құрамасының сапында Семен Пивоваров пен Ғазиза Қумақбаева бар.

16 маусымда триатлоннан TEMIRADAM кубогының ІV кезеңі өтеді. Бұл кезеңде Age Group (әуесқойлар) санатындағы 230 жуық атлет өзара мықтыны анықтайды. Оадрдың жарысы "стандар" қашықтығында үш кезеңнен тұрады: 1500 метр (жүзу) + 40 км (вело) + 10 км (жүгіру).
Өзгелердің жаңалығы