Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ТМД мемлекеттерінің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің ІV отырысы өтіп жатыр.
Кеңес отырысына ТМД-ның 8 елінің өкілі қатысуда.
Жиын басында ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінде атқарылған реформаларды, сонымен қатар, жақында бастау алған бейнебайланыс пилоттық жобасын атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінде бірнеше реформа жүргізілді. Оның арқасында, біз қылмыстық-атқару жүйесі саласында халықаралық стандарттарға сай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Заңнаманы гуманизациялау, сотталғандардың әлеуметтік ахуалын жақсарту және олардың құқығын қорғау және т.б. іске асырылып келеді. Соңғы 10 жылда Қазақстан түрмедегі адам санын 60% қысқартты. Бүгін 29 мыңға жуық адам отыр. Колониялардың саны да 96-дан 82-ге азайды. Бұл халықаралық түрме саласындағы рейтингте көрсеткішімізді жақсартып, 3-тен 95-орынға дейін жылжытты. Қазақстанда пробацияға толық жағдай жасалды деп сеніммен айтуға болады. Бұл жұмысты 2012 жылдан бері қолға алынып келеді. Пробация туралы заң қабылданды, ҚР президентінің жарлығымен әлеуметтік-оңалту кешенінің стратегиясы қабылданды», - деп тоқталды ведомство басшысы.
Отырыста пенитенциарлық қызметтерді (жазаларды орындау) әріптестігінің өзекті бағыттары талқыланып жатыр.
Кеңес 2015 жылдың 16 қазанында Бурабайда жасалған ТМД мемлекеттерінің пенитенциарлық қызметтері басшыларының кеңесін құру туралы келісіміне сәйкес құрылған. Оның құрамына Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елінің осы жүйе қызметтері кіреді. Кеңес отырысына Молдова Республиканың өкілдері бақылаушы ретінде қатысып отыр.
2015 жылы Кеңес төрағасы болып 3 жыл мерзімге РФ жазаларды орындау федералды қызметінің директоры ішкі қызмет генерал-полковнигі Г.А. Корниенко сайланған болатын. Бүгін Кеңес мүшелері кезекті төрағаны сайлайды.
ЕЦ 166/18 мекемесіндегі сотталғандардың жақындарымен видеобайланыс арқылы сөйлескенін оқыңыз.
«Тентектің бірі болыппын». Қарағанды облысында орналасқан колониядағы бір күн.
Сотталғандар қалай білім алады? ЕЦ 166/18 мекемесінің тәжірибесін оқыңыз.