Нұр-Сұлтанда таэквандодан Корея елшісінің кубогы өтіп жатыр

25 Қараша 2019, 17:08
5310
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда таэквандодан Корея елшісінің кубогы өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы республикалық турнирге 9 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс қатысушылары мен көрермендерінің келесі жылы Кореяда өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алуына мүмкіндігі бар.

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсиктің айтуынша, таэквандо – тек денені шынықтыру емес, адамның ішкі рухын күшейтетін спорт.

ол4.jpg
Бүгінгі таэквандодан республикалық елші кубогына қатысып отырған балалар, оның ішінде бастауыш сынып оқушылары мен оларды қолдауға келген ата-аналарды көріп, шынымды айтсам, қуанып отырмын. Осы кішкентай балалар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасын жақындататын спортшылар деп білемін. Жарысты тамашалап отырдым. Сіздердің дайындықтарыңыз керемет екен. Таэквандо денені шынықтыратын спорт болып қана қоймай, адамның ой-өрісін тереңдетіп, рухын күшейтеді. Осы жылғы республикалық турнир үлкен масштабта өтіп жатыр. 9 облыс пен республикалық деңгейдегі 3 қаладан 500-ден астам спортшы қатысып отыр. Таэквандомен шұғылдану арқылы болашақта Кореяға бару мүмкіндігі болатынына сенемін. Жарыстан тек жақсы көңіл-күй, сенім алатындарыңызға сенемін, - деді елші.
ол1.jpg

Дипломат республикалық турнирді ұйымдастырған Қазақстанның таэквандо федерациясының вице-президенті Арман Чилмановқа, сонымен қатар, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан мамандарға алғыс білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жыл сайын өтетін Корея елшісінің кубогы екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа зор ықпал етеді. Алдағы уақытта да үлкен жоспарларымыз бар. Ал, осы жарыста бір конкурс болады. Келесі жылы сол конкурс арқылы елшіліктің қолдауымен Оңтүстік Кореяға баруға мүмкіндік болады, - деді Қазақстанның таэквандо федерациясының вице-президенті Арман Чилманов.
ол2.jpg

Содан кейін елшінің көмекшісі Бауыржан Даутов жарысқа дайындалған баннерде арнайы QR орнатылғанын айтты. Код арқылы осы жарыс туралы сауалнамаға жауап беруге болады және сауалнамаға қатысқандардың арасында Оңтүстік Кореяға тегін жолдама ойнатылады.

Елші Ким Дэсик корей мәдениеті, музыкасы, спорты және т.б. салаларына қызығатын қазақстандықтардың саны жиырма мыңнан асқанын атап өтті. 
 
Қазақстанда Кореяның түрлі саласына қызығып жұмыс істейтіндер көп. Бүгінгі спортшылар да солардың қатарына жатады. Қазақстанда Кореяның мәдениеті, тілі, өнеріне т.б. салаларына қызығатындар көп. Солардың ішінде таэквандомен шұғылданатын қазақстандықтардың саны 20 мыңнан асады. Яғни осы азаматтар Корея мен Қазақстан арасын біріктіретін жіп деуге болады, - деді дипломат.
ол3.jpg

Елші бала күнінде таэквандомен шұғылданғанын айтты. Спорттың басқа түрлеріне қарағанда, таэквандо – бірінші жаныңдағы адамға тиіспейтін спорттың түрі.
Әлсіздерге көмектесу, әділетсіздікті болдырмау, көмектесу үшін қолданылатын спорт. Өзім де кішкентай кезімде бүгінгі спортшылар сияқты мықты болу үшін таэквандомен айналыстым. Яғни, бұл балаларға біздің тарапымыздан барынша қолдау көрсету – міндет. Жас спортшыларды қолдау үшін жыл сайын өтіп жатыр, - деген елші жарыста жеңімпаз болған спортшыларды марапаттады.
ол6.jpg

Өзгелердің жаңалығы