Нұр-Сұлтанда «Stop туберкулез!» акциясы басталды

23 Қыркүйек 2019, 12:15
1771
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Stop туберкулез!» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін «Stop туберкулез!» атты ауқымды қалалық акция өткізеді, деп хабарлады Хабар24.

Бұл ұран – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезді анықтау және алдын алу мәселелерін арттыру бойынша білім деңгейін және жеке өмірлік ұстанымдарына қатысты әрбір адамның өз денсаулығына белсенділігін қалыптастыруға шақырады.

"Акция аясында келесі іс-шаралар өткізіледі: сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады; жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында «Ашық есік күндері» өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады. Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы айтады. Білім беру  мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады. «Стоп туберкулез!» акциясы  елорданың қолайлы эпидемиологиялық жағдайын құру бойынша іс-шараларды  жандандырады және күшейтеді, халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттырады.

Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесі  uoz.astana.kz ресми сайтында бар.


Өзгелердің жаңалығы