Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

7 Қыркүйек 2020, 15:00
1461
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 4 колледж негізінде ақысыз онлайн-мектеп ашылды. Онда студенттер жыл соңына дейін құрылыс саласына қатысты пәндер бойынша оқи алады дейді кәсіпкер Талғат Қожахметов.

Бастаманы Нұр-Сұлтан политехникалық колледжі, «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола көлік колледжі, «Тұран» колледжі қолдап отыр.
Жыл соңына дейін студенттерге BI Group қызметкерлері, дизайн, жобалау, құрылыс, жобалық-сметалық құжаттар, жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану, HR саласындағы кәсіби мамандар дәріс оқиды, - дейді Талғат Қожахметов. 

Онлайн-мектепте медицина ғылымдарының кандитаты, жоғары санатты дәрігер, «Астана медицина университеті» АҚ жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасының доценті, BLS, ACLS халықаралық нұсқаушысы Алексей Кокошконың қатысуымен алғашқы сабақ өтіп, ол дәрісті тыңдаушыларға құрылыс нысандарындағы еңбекті қорғау жайын айтып берді.
Өзгелердің жаңалығы