Нұр-Сұлтанда «Kóshpendiler Álemi» атты VI халықаралық фестивалі өтеді

25 Маусым 2019, 16:23
2069
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда «Kóshpendiler Álemi» атты VI халықаралық фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 28-30 маусым күндері «Kóshpendiler Álemi» атты көшпенділер этномәдениетінің кезекті IV халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Фестиваль концепциясы 2008 жылдан бері Венгрия халық республикасында өтетін түркі халықтарының Үлкен құрылтайының сәтті моделіне негізделген. Жобаның бас кеңесшісі ретінде Үлкен құрылтайдың ұйымдастырушысы – белгілі ғалым-антрополог Андраш Биро бастаған «MagyarTuran» қоры қолғабыс етеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – көшпенділердің тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді, идеологияны, шайқас өнерін жаңғыртуға және мемелекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға арналған платформа ретінде қалыптастыру.

Фестиваль «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Фестиваль бағдарламасында: қатысушылардың Нұр-Сұлтан қаласы көшелерімен шеруі, кәсіби садақшылардың жарысы, көкпаршылар мен, бүркітшілердің сайысы, сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге негізделіп жасалған батырлардың көрсетімділік жекепе-жектері сонымен қатар, шабандоздардың өнері көрсетілетін болады.

Сайыстарға Қазақстанға Түркия, Әзербайжан, Болгария, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғыз Республикасы, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің командалары қатысады.

Фестиваль аясында көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін және Ғұн дәуірлеріндегі киімдердің көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аушы құстардың сұлулығына тамсануға мүмкіндік болады.

Әрбір қонақ фестивальде этномәдениеттің көпқырлылығын сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері туралы жаңа біліммен өздерін байытып, көшпенділердің тұрмысымен танысуға, қазақстандық қолөнершілерден мастер-класс алуға, киіз басу, былғарымен, күміспен, көзеші ұршығымен жұмыс істеуді үйрена алады.

Іс-шара қонақтарын бүкіл әлемге танымал этно-музыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама күтеді.

Өтетін мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарқаралы тасжолы 1, «Қазанат» ипподромы, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені.

 

Өзгелердің жаңалығы