Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-жаттығу жұмысын өткізу барысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығына байқау жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Авариялық-құтқару құрамаларымен практикалық шаралар орнында келесі тасқынға қарсы іс-шаралар көзделген:- зардап шеккендерді эвакуациялау, құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау;
- еріген суды тазалау және қар шығару жұмыстарын жүргізу;
-зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру;
- электрэнергетикалық желілердегі электр беру желілерінің үзілуін жою және инертті материалдары бар қаптардан үйінді бөгет салу.
Шара 25 ақпан күні сағат 10:20-да басталады.