Нұр-Сұлтанда бірнеше көше біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болады

4 Желтоқсан 2019, 18:47
3281
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 қазандағы және 2019 жылғы 14 қарашадағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаулы етеді және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты шешті. Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" және "Байқоңыр" аудандары бойынша Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп Әл-Фараби даңғылы атауы берілсін, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

жобалық атауы  А19 көшеге – Райымбек батыр көшесі;

жобалық атауы А98 көшеге – Анатолий Храпатый көшесі;

жобалық атауы №23-6 көшеге – Фазыл Кәрібжанов көшесі;

жобалық атауы №198 көшеге – Бәйдібек Қарашаұлы көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

жобалық атауы №28 көшеге – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;

жобалық атауы №29 көшеге – Фариза Оңғарсынова көшесі;

жобалық атауы Е356 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;

жобалық атауы Е246 көшеге – Мақсұт Нәрікбаев көшесі;

жобалық атауы Е49 көшеге – Әбікен Бектұров көшесі;

жобалық атауы №Е51көшеге – Төле би көшесі;

жобалық атауы №Е102 көшеге – Қазыбек би көшесі;

жобалық атауы №Е32 көшеге – Әйтеке би көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:

жобалық атауы №167 көшеге – Қараменде Шақаұлы көшесі атауы берілсін.

Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

Сарыкөл көшесі жобалық атауы № 23-8 көшесімен біріктіріліп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;

Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:

Абай даңғылы мен Әлмұқан Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан атаусыз аллеяға "Қаламгерлер аллеясы".

Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

"Арай" саябағы – "Жетісу" саябағы деп қайта аталсын.

Өзгелердің жаңалығы