Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәуліктік режимге ауыстырылды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды.</h4>

21 Шілде 2020 2020, 13:35
АВТОР
 21 Шілде 2020 2020, 13:35
21 Шілде 2020 2020, 13:35
1358

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды.

Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды.

Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді. Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.


Наверх